«Мектеп табалдырығынан ғылымға» атты
білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері арасындағы
қашықтық байқауының қорытынды хаттамасы
2021 жылдың 22 қазан күні Тасқала ауданының білім беру бөлімінің бұйрығына және МТЖО жоспарына сәйкес, «Мектеп табалдырығынан ғылымға» атты білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері арасындағы қашықтықтан байқауы өтті. Байқауға аудан көлемінде Айнабұлақ НМ, Шежін МББК, «Сәулет» МЛ, Ақтау МББК, Мерей МББК, Амангелді МББК оқушылары ат салысты. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынға «Сәулет» МЛ оқушылары Орынгали Арыстан мен Саркенова Ақбаян, ІІ орын Шежін МББК оқушылары Тәреғали Орынбек пен Мамай Батыржан, І орын «Сәулет» МЛ оқушылары Муханбетжанов Батыржан мен Макимова Диляра ие болды.
Бұқаралық бөлім меңгерушісі: Э.Еселбаева