16 Нау 2022
Жаңалықтар

«Елбасы – елдің тірегі» атты постер құрастыру байқауының қорытынды хаттамасы

«Елбасы – елдің тірегі»  атты постер құрастыру

 байқауының қорытынды хаттамасы

 

Жастар арасында Елбасының тұлғалық ерекшелігін, тәуелсіз Қазақстанды дамытуға сіңірген еңбегін дәріптеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді насихаттау. Жастарды жарнама жасап, фотоларды пайдалана отырып постер құрастырып үйренуге баулу.Аудан мектеп оқушылары арасында постер жасаудағы шеберліктерін, компьютерлік технологиясын меңгерудегі үздіктерді анықтау. Жастардың интернет-технологиясына, компьютерлік графика және дизайнерлік шығармашылыққа қызығушылық қабілеттерінің артуына жағдай жасау мақсатында орталығымыздың жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 19 қарашасы күні «Елбасы елдің тірегі» атты постер құрастыру байқауы өткізілді. Байқауға ауданымыздың білім беру мекемелерінен Мерей ЖОББМ, Достық МББК, Шежін МББК, С.Жақсығұлов ат.ЖОББМ, Атамекен МББК, Айнабұлақ НОМ, Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ, «Сәулет» МЛ, Бірлік НОМ, Ақтау МББК оқушылары ат салысты. Байқау қорытындысы нәтижесінде ІІІ орынға Мерей ЖОББМ оқушылары Талғатова Мадина, Елеукенова Динара, ІІ орынға Амангелді МББК оқушысы Дүйсенгалиев Асет, І орын Ақтау МББК оқушысы Есім Нұрай ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

 

Бұқаралық бөлім меңгерушісі:                                                      Э.Еселбаева

 

 

 

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар