29 Қар 2021
Іс-шаралар

Бүгін, "Сәулет" МЛ базасында аудандық білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сай «NatRoboCom-2021 (National Robotics Competition)» робототехника жарысы өтті.

Бүгін, "Сәулет" МЛ базасында аудандық білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сай «NatRoboCom-2021 (National Robotics Competition)» робототехника жарысы өтті. Жарысқа аудан мектептерінің, мектептен тыс мекеме тәрбиеленушілерінің 10-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларынан құралған командалар қатысты.
«Робо ақ сүйек», «Робо арқан тартыс», «Робо қыз қуу», «Робо асық ату» категорияларынан өткен жарыста МТЖО басшысы Бақытжан Базарқұлұлы, «NatRoboCom-2021" төрешісі Марс Мавлетұлы және МТЖО мұғалімдері төрелік етті. Оқушылардың дайындап, жарысқа әкеп салған роботтары тартыс алаңында қызыққа толы сайысты көрсетті. Нәтижесінде "Робо ақ сүйек" категориясы бойынша І орынға МТЖО тәрбиеленушілері Маулен Т, Сумкин Э, ІІ орынға Амангелді МББК оқушылары Медекенов Е, Кенжегерей Ж, "Робо арқан тартыс" категориясы бойынша МТЖО тәрбиеленушілері Мусин А, Өтеғали М, ІІ орынға Ақтау МББК оқушылары Нигматуллин А, Гарифуллин Ж, ІІІ орынға "Сәулет" МЛ оқушылары Бекентаев Ж, Мақым Ж, "Робо қыз қуу" категориясы бойынша І орынға "Сәулет" МЛ оқушысы Мамышева А, ІІ орынға "Сәулет" МЛ оқушысы Мухтарова Д, ІІІ орынға МТЖО тәрбиеленушісі Байзақ Э, "Робо асық ату" категориясы бойынша І орынға Атамекен МББК оқушысы Сериков М, ІІ орынға МТЖО тәрбиеленушілері Жасқайрат Д, Рахмет Ж, ІІІ орынға "Сәулет" МЛ оқушылары Мақымова Д, Саркенова А ие болды. Жарыстың жеңімпаздары аудандық білім бөлімінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал І орын алған командалар облыстық кезеңге ұсынылды. Жеңімпаздар мен оларды дайындаған жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!
Пайдалы ақпараттық ресурстар