17 Қар 2021
Іс-шаралар

2021 жылдың 12 қарашасы күні аудандық «Іс шебері-2021» атты тігін байқауы өткізілді.

Мектеп жасындағы балалармен жұмыстын жандандыру және олардың рухани құндылықтары мен игіліктерін дамыты отырып, қолы шебер өскелең ұрпақтың шығармашылығына қолдау көрсету, оның ішінде ұлттық өнерімізді мейлінше қадірлеп, құрметтеуге ықпал ету, өнерлі балалардың анықтап, шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу, өнер саласында эстетикалық талғамын, қабілеттерін халыққа насихаттау мақсатында Таcқала ауданының білім беру ұйымдарының арасында жоспарға сәйкес, 2021 жылдың 12 қарашасы күні аудандық «Іс шебері-2021» атты тігін байқауы өткізілді. Байқау «Үй жұмысы» және «Оюлы кеудеше» кезеңдерінен тұрды. Байқау қорытындысы нәтижесінде ІІІ орынға Атамекен МББК 7 сынып оқушысы Мұқамбет Мария, Қ.Сәтбаев ат.ЖОББМ 6 сынып оқушысы Бақтыгереей Ақұштап, Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ 7 сынып оқушысы Намазова Назерке, ІІ орынға Бірлік НОМ 8 сынып оқушысы Каужанова Мадина, Амангелді МББК 9 сынып оқушысы Талапқали Жанайым, І орын Айнабұлақ НОМ 8 сынып оқушысы Аяпбергенова Айнара ие болды. Жеңімпаздар аудандық білім бөлімінің дипломымен марапатталды.






Пайдалы ақпараттық ресурстар