«Таңғажайып сәт» атты аудандық сырттай фотосурет көрме-байқауының қорытынды ақпараты
Мекептен тыс жұмыс орталығында аудандық Білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 8 қаңтар күні «Таңғажайып сәт» атты аудандық сырттай фотосурет байқауы өткізілді. Байқау балаларды мәдениетке баулу, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашыл және жаңашыл жас дарындарды анықтап, олардың кәсіптік деңгейін көтеруге жағдай туғызу, оқушылар арасында фото өнерін насихаттау және дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Бұл байқауға аудан көлемінде 8 мектеп қатысып, 26 жұмыс қабылданды. Әділ қазылар алқасының шешімімен «Қыс қызықтары» номинациясы бойынша І орынға БМТЖО «Телестудия» үйірмесінің тәрбиеленушісі Садихий Каусар, ІІ орынға ЖББ Амангелді ОМББК оқушысы Рахматуллин Бекзат, ІІІ орынға ЖОББ Қ.Сәтбаев ат.М оқушысы Гилман Рахман ие болды. «Сәтті селфи» номинациясында І орынға ЖББ Айнабұлақ НМ оқушысы Мырзагалиева Диляра, ІІ орынға ЖББ Ақтау ОМББК оқушысы Ғабдысиқ Саят, ІІІ орынға ЖОББ Қ.Сәтбаев ат.М оқушысы Нетказиева Гүлім ие болса, «Туған жер» номинациясы бойынша І орынға БМТЖО «Робототехника» үйірмесінің тәрбиеленушісі Маулен Нұрдаулет, ІІ орын ЖББ Мерей ОМББК оқушысы Мұрат Ақжүрек, ІІІ орынға ЖББ Ақтау ОМББК оқушысы Ади Айнара, «Мектеп өмірі» номинациясы бойынша І орын ЖОББ Қ.Сәтбаев ат.М оқушысы Урынгали Еркеназ, ІІ орын ЖББ Ақтау ОМББК оқушысы Мағазова Аружан, ІІІ орын ЖББ Мерей ОМББК оқушысы Бактыгерей Фариза, «Тоқта, тез қозғалыс» номинациясында І орын БМТЖО Маулен Нұрдаулет, ІІ орын ЖББ Ақтау ОМББК оқушысы Мақат Жансерік, ІІІ орын ЖББ Мерей ОМББК оқушысы Рамазанова Асылай иеленді. Жүлдегерлер аудандық білім бөлімінің дипломымен марапатталды. Жүлделі І орын алған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.