«Біз экстремизге қарсымыз» атты аудандық сырттай плакаттар байқауының қорытынды ақпараты
Тасқала ауданының білім беру бөлімінің және «Мектептен тыс жұмыс орталығының» жоспарына сәйкес, 29 ақпан күні орталығымызда «Біз экстремизге қарсымыз» атты плакаттар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты оқушыларды қоғамға қарсы ұйымдастарылған діни ағымдардан аулақ болуға, адал білім алуып, еңбек етуге тәрбиелеу, оқушыларды идеологиялық тақырыптарға арналған ақпарат көзерімен таныстыру, жастарға діни экстремизмге қарсы жолдары туралы ақпарат беру бағытында ұйымдастырылды. Аудандық плакат байқауғына 8-11 сынып аралығындағы оқушылардың 15 жұмысы қабылданды. Атап айтсақ, бұл байқауға «Сәулет» МЛ, Шежін МОББК, Амангелді ОМББК, Атамекен ОМББК, Айнабұлақ НОМ, Бірлік НОМ, Қ.Сәтбаев ат. ЖОББМ, Мерей ОМББК, Ақтау ОМББК, Достық ОМББК оқушылары ат салысты. Қорытындылау барсында жүлделі ІІІ орынды Шежін ОМББК оқушысы Төлеп Бахтияр, ІІ орынды Атамекен ОМББК оқушысы Тілес Айасыл, І орынды Мерей ОМББК оқушысы Елеукенова Динара жеңіп алды.