Қосымша білім беретін мектептен тыс ұйым - бұл білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің білім беретін оң бағдарламасын іске-асыратын оқу-тәрбие ұйымы. Қосымша білім беру үрдісінің негізгі мақсаты - қосымша білім беруді кешенді дамыту мен рухани тәрбиелеу, оқушылардың бос уақыты мен демалысын қамтамасыз ету, білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұймдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді.
«Мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 5 үй мекен-жайы бойынша орналасқан. Мекеме 1981 жылы салынған. Бір қабатты, жалпы аумағы 295,2 м2 аумақты қамтиды.
ҚР «Білім туралы» Заңының талаптарына сай қосымша білім беру ұйымы жеке тұлғаның жалпы адамзаттық құндылықтарын, еркін дамуына бағытталған кешенді тәрбие бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыруы баланың өміріндегі орнын өзі белгілеуге көмектеседі. Орталықта 2020-2021 оқу жылында «Жас зерттеуші», «Драма», «Жас суретші», «Қыш құмыра», «Жас тігінші», «Қолөнер», «Робототехника», «Авто үлгілеу», «Кеме үлгілеу», «Шахмат», «Телестудия», «Жас әдебиетші» үйірмелері жұмыс жасауда
Ағымдағы оқу жылында оқушылардың қызығушылығы мен қабілетіне қарай үйірмелерге «Жас зерттеуші» - 23, «Жас суретші» - 46, «Жас тігінші» - 26, «Қыш құмыра» - 12, «Қолөнер» - 22, «Робототехника» - 67, «Авто үлгілеу» - 23, «Кеме үлгілеу» - 22, «Телестудия» - 22, «Драма» - 20, «Шахмат» - 21, «Жас әдебиетші» - 20 оқушы тіркеліп, нәтижесінде оқу жылында 13 үйірмеге, 324 оқушы қамтылды.
Қосымша білім беру жүйесіндегі аталған бағыттар өскелең ұрпақ бойына отаншылдық сезімімен қатар саналы білім, ұлтжандық қасиеттерін дарыта отырып, бағдарлы саласын анықтауға таптырмас мүмкіндік. Әр үйірмеге қатысушы оқушы үйірме жұмысымен қатар, мәдени-көпшілік іс-шаралардан шыңдала отырып, тәжірибе алмасады. Бұл процесс өз кезегінде оқушыға жан-жақтылыққа, нақтылыққа, жауапкершілікке, жетістікке жетуге жетелейтін мүмкіндік болып табылады.